Интернет-банкинг

Қорғалған веб-қосымша клиенттерге банк қызметтерін компьютер және смартфон арқылы қауіпсіз режимде пайдалануға мүмкіндік береді.

Интернет банкингке қалай қосылуға болады

  • Шот ашу
    Шот ашу
  • Жүйе арқылы қызмет көрсету туралы шартқа қол қою

    Жүйе арқылы қызмет көрсету туралы шартқа қол қою

  • Жүйеге және Digipass құрылғысына кіру үшін логиндер алу

    Жүйеге және Digipass құрылғысына кіру үшін логиндер алу

Мобильділік

Интернетке кіру рұқсаты бар жерде жүйеге шектеусіз кіру, соның ішінде ұялы телефондар, планшеттік ДК арқылы.

Қауіпсіздік шаралары

Қолданушы мен Банк арасындағы байланысты толық сақталуын қамтамасыз ету үшін енгізілді. Барынша қорғанысты және мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында жүйеге кірген сәттен бастап және сеанс бойы қолданушының қауіпсіздігі үшін шифрлаудың 128-биттік кілтті SSL-хаттама технологиясы қолданылады. Бұнымен қатар жүйеде қолданушыны сәйкестендіру, сонымен қатар операцияны растау әдісі «Digipass» деп аталатын OTP-құрылғысы (one time password / бір реттік құпия сөздер генераторы) арқылы жүзеге асырылады.

Икемділік

Алдын ала орнату қажет емес; тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн қолжетімді.

Ақшаны үнемдеу

Электронды банк жүйесін қолдану төлем нұсқауларын қағаз түрінде қолданғанмен салыстырғанда, төлемдер мен аударымдарды өңдеу үшін комиссияларда ақша қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Уақытты үнемдеу

Банк филиалдарына келу, Банк офисіне келер жолда кептелісте тұру қажет емес, ол Сіздің транзакцияларыңызды өңдеу рәсімін айтарлықтай жылдамдатады.

Интернет-банкинг жүйесінің операция түрлері

Ұлттық валютадағы төлемдер:

  • тауарлар, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлемдер;
  • әлеуметтік, салықтық және басқа міндетті төлемдерді жүргізу;
  • еңбекақы төлемдерін қызметкерлердің пластикалық карталарына аудару;
  • зейнетақы жарналарын зейнетақы қорларына төлеу;
  • өз шоттары арасында ішкі аударымдар;
  • импорт 1С, МТ форматында қарастырылған.

Валюталық аударымдар және айырбастаулар:

  • шетел валютасында ақша аудару;
  • шетел валютасын сатып алу/сату;
  • өз шоттары арасында бір валютада (соның ішінде теңгемен) ішкі аударымдар;
  • импорт XML форматында қарастырылған.

Шоттар:

  • қалдықтарға және ағымдағы шоттардағы, соның ішінде жинақ шоттарындағы ақша қозғалысына мониторинг;
  • күн сайын жұмыс күндері электронды форматта үзінді көшірмелер алу;
  • еншілес компаниялардың және филиалдардың шоттарын басқару.

Анықтамалықтар:

  • бенефициарлардың және төлемдердің үлгілері;
  • мәліметтерді импорттау/экспорттау (үзінді көшірмелер, төлемдер, қызметкерлер тізімі, бенефициарлар және т.б.);
  • валюталар, елдер бойынша анықтама базасы, БеК, ТТК, БСК, БСК (қазақстандық және халықаралық банктер).

Байланыс:

  • файлдарды тіркеу мүмкіндігімен Банкпен хат алмасу.