Валюталық бақылау

ҚР экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидалары.

ҚР экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидалары

2012 жылдың 1 шілдесінен бастап «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидалары» (бұдан әрі – №42 қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №42 (бұрынғы №86) Қаулысында бекітілген жаңа редакцияда күшіне енді.

№42 қағидалар күшіне енген соң

  • Мәміле паспортын рәсімдеу рәсімі келісімшарттың есептік нөмірін көрсете отырып, келісімшартқа банк мөртабанының баспа таңбасын қою арқылы келісімшартты есептік тіркеу рәсіміне ауыстырылды.
  • Экспорттаушылар/импорттаушылар уәкілетті банкке мәміле паспортының орнына экспорттаушының/импорттаушының басшысы қол қойған, келісімшарттың есептік нөмірін алу туралы өтінішін береді.
     

№42 қағидалардың 54 т. сәйкес осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін мәміле паспортын ресімдеген келісімшарт есептік тіркеуге қабылданған деп саналады. Келісімшартқа есептік нөмірді тағайындау келісімшарттың есептік нөмірін алу туралы өтінішті толтырусыз, бұрын ресімделген мәміле паспортының нөмірі мен күнін келісімшартқа ауыстыру (түпнұсқасы немесе экспорттаушының/импорттаушының қолтаңбасымен және мөрімен бекітілген көшірмесі) арқылы жүзеге асырылады.